384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды

  • 310
  • UPD: 19:13, 29.06.2019

Бауыржан Байбек Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Осыған орай бүгін Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев саяси ұйымның орталық аппаратына барды. Елбасы партияның алдына қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін Бауыржан Байбектің тәжірибесі жеткілікті екенін атап өтті және саяси ұйымның қызметі бүкіл елімізді дамытуға бағытталуы тиіс деді. Бауыржан Байбек 4 жыл бойы Алматы қаласының әкімі болды. Бұған дейін ол Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары қызметін де атқарды. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - елбасы, Nur Otan партиясының төрағасы:

- Осы кезерде 2 съезд өткізуге тура келді. Өткен президент сайлауы дұрыс, табысты жұмыс істеді деп санаймыз. Бұл еліміздегі жетекші саяси ұйым. Оны жоғары деңгейге көтеру мәселесі қойылған. Бірінші орынбасардың алдына. Қолынан келгенше жұмыс істеді. Алдағы уақытта істейтін жұмыстар көп. Сондықтан басқа жұмысқа ауысуына байланысты Әшімбаевты мен босаттым мен жұмыстан.++Бауыржан Байбек «Болашақ» бағдарламасының түлегі, дипломатиялық қызметте және Президент Әкімшілігінде жұмыс істеді. Ол бұған дейін партия Төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған болатын. Бауыржан Байбектің Алматы қаласының әкімі лауазымындағы жұмысына оң баға беруге болады. Мәулен Әшімбаев партия басшылығында болған кезеңде екі съезд өткізіп, Президент сайлауына қатыстық. Осының бәрі партиямыз үшін зор сынақ болды. Ол табысты жұмыс істеді деп ойлаймын. «Nur Otan» – еліміздің басты саяси күші. Алдымызда партияның қоғамдағы беделін одан әрі арттыру міндеті тұр.

Бауыржан Байбек, Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

- Партияға келу мен үшін үлкен жауапкершілік. Қолдан келгенше әрі қарай партияның абыройын көтеріп, сіздің тапсырмаларыңызды мүлтіксіз орындауға тырысамыз.

Хабар 24 телеарнасы