383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қ.Тоқаев Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Т.Донақовты қабылдады

  • 110
  • UPD: 19:22, 09.07.2019
Қ.Тоқаев Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Т.Донақовты қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Талғат Донақовты қабылдады.

Төраға Жоғары Сот Кеңесінің биылғы бірінші жартыжылдықтағы жұмысының қорытындысы және судьяларды іріктеу жүйесін жаңғырту бойынша қабылданған шаралар туралы мәлімет берді. Ал президент сот жүйесін одан әрі жетілдіруді қамтамасыз ету және судьяларды іріктеу тетігін қатаңдатуға бағытталған нақты ұсыныстар әзірлеу қажеттігін айтты.

Хабар 24 телеарнасы