386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қ. Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкімет мәжілісін ресейлік сарапшылар талқылады

  • 163
  • UPD: 16:09, 18.07.2019

Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген құрамының мәжілісін ресейлік сарапшылар да талқыға салды.

Олардың пікірінше, Қазақстан Президентінің өндірістік бағдарламалардың жан-жақты талдауын өткізу жөнінде берген тапсырмасы олардың тиімділігін арттыруға бағытталған.

Дмитрий Журавлев, аймақтық мәселелер институтының бас директоры:

– Талдаудан өтіп, осы бағдарламаларға түзетулер енгізілсе, оларды жүзеге асыру жеңілдейді. Бағдарлама көзбояушылық үшін жасалмайды, ол орындауға келетін нақты іс жоспары болуы керек. Бұл өндірістік бағдарламалар тиімділігі, мемлекет пен жекеменшік сала арасындағы әріптестік және өзге де көптеген маңызды бағытқа қатысты. Мемлекеттік инвестициялардың тиімділігін арттыру қажет болып тұр.

Хабар 24 телеарнасы