386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Назарбаев Өзбекстан Республикасының президентімен телефон арқылы сөйлесті

  • 229
  • UPD: 18:00, 24.07.2019
Назарбаев Өзбекстан Республикасының президентімен телефон арқылы сөйлесті Zakon.kz

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тұңғыш Президент бауырлас елдің басшысын туған күнімен құттықтап, зор денсаулық және мемлекеттік қызметіне толағай табыс, ал Өзбекстан халқына бақ-береке тіледі. Тараптар соңғы жылдары екі ел арасындағы көпқырлы ынтымақтастық тың серпін алып, жаңа сапалы деңгейге көтерілгенін атап өтті. Өзара сауда көлемінің артуымен және экономикалық қатынастардың нығаюымен қатар мәдени-гуманитарлық байланыстар дамып келеді. Атап айтқанда, биыл Өзбекстандағы Қазақстан жылы аясында көптеген мәдени шаралар ұйымдастырылуда. Нұрсұлтан Назарбаев пен Шавкат Мирзиеев күн тәртібіндегі өңірлік мәселелерді де талқылады. Тату көршілік бағытта және екі ел халқының игілігі жолындағы стратегиялық қатынастар одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.

Хабар 24 телеарнасы