386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуразиялық үкіметаралық кеңес мәжілісінде қандай мәселелер талқыланды

  • 165
  • UPD: 21:52, 09.08.2019

Үкімет басшысы Асқар Мамин Еуразиялық үкіметаралық кеңестің мәжілісіне қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгінгі жиында 15 мәселе талқыланды. Олардың арасында шекараралық әрекет, ауыл шаруашылығын дамытуды бірлесіп жоспарлау, ішімдіктер нарығын реттеу жұмыстары бар.

Жиын алдында делегация басшылары ел Президенті Сооронбай Жээнбековпен кездесті. Қырғызстан премьер-министрі Мұхаммедкалый Абылгазиев отырысқа қатысушыларды Еуразиялық экономикалық одақ келісіміне қол қойылуының 5 жылдығы және еуразиялық интеграция идеясының 25 жылдығымен құттықтады. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл бастамасының маңызы атап өтілді.  Бүгінгі мәжіліс барысында 15 мәселе талқыланды. Олардың арасында шекарааралық әрекет, ауыл шаруашылығын дамытуды бірлесіп жоспарлау, ішімдіктер нарығын реттеу жұмыстары бар. Кеңес мүшелері ішімдіктер және қаржылық нарықтарын реттеу және кеден салықтарын өзара бөлісу мәселелері бойынша пікір алмасты. Сондай-ақ үкімет басшылары шекараарлық ақпарат алмасу, өндірістік кооперацияны дамыту және кедендік қызметтердің ынтымақтастығы мәселелерін қарастырған.  

Асқар Мамин, Қазақстан Республикасының Премьер-министрі:

– Комиссия өзара саудадағы бөгеттерді алып тастау бағытында жұмыс істеп келеді. Кеңес отырысында ең алдымен осы мәселе қарастырылғанын құптаймыз және бұған басты көңіл бөлу қажет деп санаймыз. Алайда әріптес елдер жағынан қазіргі бар бөгеттерді алып тастауға және жаңасының пайда болмауына күш салмаса, бұл мақсатта тек комиссияның әрекеті жеткіліксіз екенін анық түсінеміз. Осы бағыттағы бірлесіп іс атқаруымыз қажет деп санаймын.

Асқар Маминның мәлімдеуінше, әлем экономикасында қалыптасқан жағдайды ескере отырып, өндірістік кооперацияға ерекше көңіл бөлу керек. Сондай-ақ Одақты халықаралық көлік-тасымал жүйесіне біріктіру қажет. Одаққа мүше елдер аумағы арқылы өтетін транзит бойынша кедендік рәсімдеуді оңтайландырумен қатар, қазір құрылып жатқан Еуразиялық экономикалық Одақтың бірыңғай транзит жүйесі сауда байланыстарын кеңейтудің тиімді құралы болмақ.

Мұхаммедкалый Абылгазиев, Қырғыз Республикасының Премьер-министрі:

– Бүгін күн тәртібіндегі сауалдар бойынша сындарлы пікір алмасып, кеден салықтарын өзара бөлу нормативтерін талқыладық. Сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың ішімдіктер нарығын реттеу келісімін және 2025 жылға қарай құруы көзделіп отырған ортақ қаржылық нарыққа қатысты мәселелерді қарастырдық.

Қазақстан Премьер-министрінің айтуынша, қаржылық нарықтарда ынтымақтастықты дамытып, қаржылық қызметтердің тұтынушылары мен инвесторлардың құқықтары, мүдделері қорғалуы тиіс. Осыған байланысты «Астана» халықаралық қаржылық орталығының мүмкіндіктерін пайдалану ұсынылды. Бұл жоба аясында қаржылық технологиялар Хабы құрылған. Ол қаржылық нарыққа қатысушы бүкіл аймақтарды жоғары сапалы инфрақұрылыммен қамтамасыз етеді. Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысының қорытындысы бойынша 12 құжатқа қол қойылды.  

Авторы: Бакыт Чермашев

Хабар 24 телеарнасы