385,90 427,70 6.04
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Каспий маңы мемлекеттерінің кеңесі өтті

  • 146
  • UPD: 23:29, 28.08.2019

Ақтауда халықаралық туристік форум аясында Каспий маңы мемлекеттерінің бес жақты кеңесі өтті. Жиында қаузалған басты мәселе Каспий теңізінде туризмді дамыту.

Ресей, Әзербайжан, Иран және Түрікменстан. Қарт Каспийді жағалай орналасқан мемлекет өкілдері бүгін Қазақстанда бас қосты. Күн тәртібіндегі басты мәселе Каспий теңізіндегі туризмді дамыту. Халықаралық туризм мәселелерін талқыламас бұрын, аймақ әкімінің орынбасары өңірдің бұл бағыттағы өз жоспарымен бөлісті.

Әлихан Қыраубаев, Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары:

- Туризмді дамыту мақсатында біріншіден Ақтау қаласындағы жағалау аумағында жүйелі жұмыстар жүргізіледі. Себебі бұл негізгі әлеуметтік және жол-көлік инфрақұрылымына ең жақын орналасқан жерлердің бірі. Сонымен қатар, бұл бизнестің өркендеуіне жол ашады. Екіншіден, тарихи, мәдени және экологиялық туризмді дамытуды қолға аламыз.  

Форум аясында туристік сала бойынша бесжақты кеңес өтті. Онда өткен жылдың тамыз айында Каспий маңы мемлекеттері басшыларының саммитінде қабылданған шешімдердің нәтижелі іске асырылуы сөз болды. Жиында сондай-ақ Каспий жағалауында бірлескен туристік бағыттар ашу мәселелері талқыланды.

Мирас Төлебаев, ҚР МСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы м.а.:

- Күн тәртібінде бірнеше мәселелер қаралды. Олардың ішінде круиздік туризмді дамыту. Бірлескен турмаршруттарды дамыту сынды бірқатар мәселелер қаралуда. Жалпы осы бесжақты консультацияларға барлық мемлектеттердің өкілдері қатысып отыр. Әр мемлекет өз тарапынан бірқатар ұсыныстар енгізіп отыр.  Осы ұсыныстар ертең қолдау тапса, Каспийдегі туризм одан әрі дамиды деп сенеміз. 

Халықаралық туризм форумы саланың дамуына жаңа серпін береді дейді ұйымдастырушылар. Себебі бұл туристік нарық субъектілері мен мемлекет арасында өзара тиімді қатынас орнатуға мүмкіндік беретін алаң. 

Авторы: Ғазиза Мұхамеджанова

Хабар 24 телеарнасы