386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҰҰ Бас хатшысы Назарбаев сыйлығына қатысты үндеу жолдады  

  • 159
  • UPD: 13:45, 29.08.2019

Ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін Назарбаев сыйлығын табыстау рәсімінде Біріккен ұлттар ұйымының бас хатшысы Антониу Гуттериш қатысушыларға арнайы видеоүндеу жолдап, қазақ елінің осы бағыттағы маңызды қадамдарын атап өтті.

«Ядролық қарусыздану бағытында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі зор», - дейді Гуттериш. 

Антониу Гутерриш, БҰҰ бас хатшысы:

–Мен үшін Ядролық қарудан бас тартудың халықаралық күні осы жиында сөз сөйлеу – мақтаныш. БҰҰ-ның негізгі басым бағыты – ядролық қаруды таратпау және әлемде қауіпсіздік орнату. Қазақстан – бұл салада біздің негізгі әріптестеріміздің бірі. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қаруды таратпауда сіңірген еңбегі зор. Бүгінде қарусыздану мәселесі сын-қатерлерге толы, онымен күрес қиындап барады. Халықаралық қауымдастық жалпыға ортақ осы жағдаймен күресу үшін бірлесе әрекет етуі қажет. Сондықтан мен сіздердің жан-жақты қолдауларыңызды күтемін.

Хабар 24 телеарнасы