389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекет басшысы Қытайға барған сапарында Ақжарқын Тұрлыбайдың мәселесін көтерді

  • 405
  • UPD: 16:19, 13.09.2019
Мемлекет басшысы Қытайға барған сапарында Ақжарқын Тұрлыбайдың мәселесін көтерді stan.kz

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға мемлекеттік сапары барысында Қытай түрмесінде отырған отандасымыз Ақжарқынның мәселесіне қатысты жеке өтінішін жеткізді.

«Біз Қытайға жол жүргелі отырғанда Қасым-Жомарт Кемелұлының атына 2014 жылы Гуанчжоу әуежайында Қытай құқық қорғау органдарына ұсталған отандасымыз Ақжарқынның анасынан өтініш түсті. Оның мәтіні БАҚ-та жарияланды. Осыған орай мемлекет басшысы Бейжіңдегі кездесулерде Қытай тарапына өзінің жеке өтінішін жеткізді. Бұл мәселе жан-жақты талқыланды. Оның нәтижелері бойынша Сыртқы істер министрлігі арқылы осы жұмыстар жалғасын табады», – деді Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР президентінің көмекшісі Мұрат Нұртілеуов.

Өз тарапынан мемлекет басшысы бұл мәселеге үлкен көңіл бөліп отырғанын айтып өтті.

Мұның алдында Гуанчжоу сотында есірткі контрабандасымен айыпталған Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша отырыс өткенін хабарлағанбыз.

Хабар 24 телеарнасы