389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҰҰ Бас ассамблеясының сессиясы аясында бес саммит өтеді

  • 225
  • UPD: 09:51, 23.09.2019
БҰҰ Бас ассамблеясының сессиясы аясында бес саммит өтеді

БҰҰ Бас Ассасблеясының 74-сессиясы қандай мәселелерді талқылайтыны жөнінде алдағы уақытта айтыла жатар. Осы жолғы форум ауқымдылығымен ерекшеленеді. Оның аясында 5 саммит өтеді деп жоспарлануда. Мысалы, 180 елдің басшылары климат жөніндегі Париж келісімін кеңінен талқылайтын болады.

БҰҰ-ның Бас хатшысы Антониу Гутерриш  Қазақстанның 2030 жылға дейін тұрақты даму стратегиясына ерекше мән беріп, оның күн тәртібіне қосқан үлесін атап өтті. Ал осы тақырып аясында  баяндама жасаған БҰҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы Пан Ги Мун Ұйымның мақсаты мен Қазақстанның даму жоспары үндес екенін тілге тиек етті. Қазақстан 27 жылдан бері БҰҰ-ның белсенді мүшесі. Осы уақыт аралығында ондаған ұсыныстар айтып, тығырықтан шығар жолды алға тартты. Олардың кейбіреулері Ұйымның ресми құжатына айналды. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н. Назарбаев ұсынған «Әлем. XXI ғасыр» манифесі соған дәлел. 

Тиджани Мухаммад Банде, БҰҰ Бас ассамблеясының Төрағасы: 

- Бейбітшілік пен Қауіпсіздікті сақтау мәселесінде Қазақстанның қосқан үлесі зор, сол үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Қазақ елі ұсынған ядролық қарудан бас тарту бастамасының мәні ерекше екенін атап өткім келеді. Полигондарды жабу арқылы Қазақстан өзге мемлекеттерге үлгі болды. 

БҰҰ Қазақстанның бітімгерлік істе де белсенді екенін мойындайды. Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшесі болды. Нұрсұлтан Назарбаев бейбітшілікті, қауіпсіздікті және бейбіт дамуды жақтайтынын нақты істерімен дәлелдей алды. Халықаралық ынтымақтастық тарихында Қазақстан алғаш рет терроризмге қарсы күресу үшін коолиция ұйымдастырды. Ал өткен жылы  120 жауынгерден тұратын қазақстандық бітімгерлер Ливанға аттанды.

Изуми Накамицу, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары:

- Бейбітшілікті орнату үшін нақты қадамдар жасалып келеді. Қазсқатан әр уақытта белсенділік танытып, өз тәжірибесімен бөлісіп  отырады. Мақсатына жету үшін жаңа бастамаларды ұсынады. Елдеріңізбен орнаған тығыз байланысты жоғары бағалаймыз.

БҰҰ-ның штаб пәтерінде «Қазақстан сырттан бақыламай, ұсынысқа бастамашылық жасап, өз жоспарымен іске белсене араласатынан» атап өтті. Ал 2009 жылы Қазақстанның бастамасымен Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдар халықаралық күні ретінде БҰҰ Бас Ассамблеясымен бекітілген болатын. 

Авторлары: Майра Абдрахманова, Ренат Садыров

Хабар 24 телеарнасы