388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қасым-Жомарт Тоқаевтың АҚШ-қа сапарының алғашқы күні қалай өтті (видео)

  • 265
  • UPD: 09:27, 24.09.2019
Қасым-Жомарт Тоқаевтың АҚШ-қа сапарының алғашқы күні қалай өтті (видео) press-unity

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-сессиясы аясында бірқатар кездесулер өткізді, деп жазды ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook-тегі парақшасында. 

«АҚШ, Нью-Йорк қаласы, БҰҰ штаб-пәтері 23.09.19. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йоркке сапары АҚШ-тағы ықпалды талдау орталығы саналатын «Atlantic Council» («Атлантикалық кеңес») ұйымының қолдауымен ұйымдастырылған белгілі америкалық саясаткерлермен және сарапшылар қауымдастығының өкілдерімен кездесумен басталды. Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қазақстан-Америка қарым-қатынастарының қазіргі жай-күйі мен даму перспективалары, сыртқы саясаттың негізгі басымдықтары, Қазақстанның сауда-экономикалық және инвестициялық әлеуеті туралы егжей-тегжейлі баяндады. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы «Bloomberg» ақпарат агенттігінің негізін қалаушы әрі иесі Майкл Блумбергпен кездесті. Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен «Bloomberg» ақпарат агенттігі арасындағы ынтымақтастықтың келешегін талқылап, әлемдік экономиканың күн тәртібіндегі өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты»,– делінген жазбада.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті БҰҰ-ның өркениеттер альянсының жоғары өкілі Анхел Моратиноспен кездесті. Тараптар өзара іс-қимыл перспективаларын, атап айтқанда, дінаралық келісім мен өркениеттердің жаһандық диалогын нығайту жайын талқылады.

Сапардың алғашқы күні қалай өткенін мына видеодан көруге болады. 

Хабар 24 телеарнасы