389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада Еуразия елдері парламенттері төрағаларының IV кеңесі өтіп жатыр

  • 480
  • UPD: 20:11, 24.09.2019
Елордада Еуразия елдері парламенттері төрағаларының IV кеңесі өтіп жатыр publicbudget.kz

Елордада «Үлкен Еуразия: Диалог. Сенім. Серіктестік» тақырыбында Еуразия елдері парламенттері төрағаларының IV кеңесі өз жұмысын бастайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл форумға Еуропа мен Азияның 84 елінен парламент басшылары, 16 халықаралық және парламентаралық ұйымдардың жетекшілері шақырту алған. Кейбір дерек көздері 65 мемлекеттен делегат келуі тіис дегенді айтады. Тіпті 43 елідң делегациясын  спикерлердің өздері басқарады деген ақпар бар. Күн тәртібіне бірнеше мәселе қойылып отыр. Талқылаулар нәтижесінде төрағалардың бірлескен мәлімдемесі қабылданады. Бас қосу Еуразиялық кеңістіктегі жан-жақты өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты нығайтуға, парламентаралық байланыстар мен әріптестікті дамытуға ықпал ететін болады.

Саиед Ахмад Селаб, Ауғанстан парламентінің депутаты:

- Біздің елде біраздан бері соғыс жүргені белгілі. Қазір біздер кез келген көмекке ризамыз. Бұл форум бір жағынан кездесулер алаңы, мысалы біздер Катар елінің өкілдерімен кездесіп, біраз шаруаны пысықтап алдық. Қазақстандық әріптестермен де байланысты нығайтып жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы