389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР Сыртқы істер министрі БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде сөз сөйледі

  • 200
  • UPD: 09:11, 26.09.2019
ҚР Сыртқы істер министрі БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде сөз сөйледі

Ресей төрағалығының бастамасы бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының ҰҚШҰ, ШЫҰ және ТМД сияқты өңірлік ұйымдармен терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастығы бойынша БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде дебаттар өтті.

ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді пікірталасқа қатысып, мәлімдеме жасады. Атап айтқанда, ол біздің республикамыз БҰҰ-да мүшелігі мен төрағалығы кезеңінде лаңкестікке қарсы күрес мәселелеріне ерекше көңіл бөлгенін атап өтті. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Терроризмнен азат әлемге қол жеткізу тәртібінің кодексі әзірленді. Бұл құжатқа БҰҰ-ға 84 мүше мемлекет қосылды.

Сол күні Министр М. Тілеуберді БҰҰ алаңындағы басқа да іс-шараларға қатысты:

- Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шарттың (ЯСЖТШ) күшіне енуіне жәрдемдесу жөніндегі конференцияда М. Тілеуберді ЯСЖТШ құруға негіз болған ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Н. Назарбаевтың Семей сынақ полигонын жабу туралы шешімінің тарихи рөлін атап өтті;

- Теңізге шыға алмайтын дамушы елдер министрлерінің жоғары деңгейдегі 18-ші кездесуінде сөйлеген сөзінде біздің Министр Қазақстанның осындай елдердің алдында тұрған экономикалық даму жолындағы қауіп-қатерлер мен кедергілерді еңсерудегі белсенді рөлін атап өтті. Аталған кездесуде Қазақстан 2020-2021 жылдарға осы елдер тобының келесі жаһандық төрағасы болып сайланды.

Хабар 24 телеарнасы