388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Чех елімен байланыс беки түспек

  • 179
  • UPD: 12:39, 17.10.2019
Чех елімен байланыс беки түспек

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин мен Қазақстанға ресми сапармен келген Чехия Парламенті депутаттар палатасының спикері Радек Вондрачек екі елдің парламентшілері арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды parlam.kz

Чехия Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің арасындағы Қазақстанның негізгі саяси және экономикалық серіктестерінің бірі болып табылатынын айтқан Нұрлан Нығматулин Қазақстан басшылығы Чехия елімен қарым-қатынасты тереңдетуге ерекше мән беретінін атап өтті. Мәжіліс төрағасының пікірінше, екіжақты ынтымақтастықты дамытуға денсаулық сақтау, машина жасау, агроөнеркәсіптік технологиялар, «жасыл» энергетика сияқты әлеуетті салалардың маңызы зор. Екіжақты қатынастардың маңызды құрамдас бөлігі ретінде парламентаралық ынтымақтастық туралы айтқан Нұрлан Нығматулин қазақстандық парламентшілердің чех әріптестерімен диалогты нығайтуға ниетті екенін жеткізді. Мәжіліс төрағасы тиісті комитеттер мен ынтымақтастық топтарының бірлескен жұмысы заңнамалық тәжірибе алмасуға, ең алдымен әлеуметтік саясат және білім, сондай-ақ экономиканың инновациялық дамуы мен цифрландырылуына мүмкіндік беретініне тоқталды. Өз кезегінде Радек Вондрачек Қазақстан мен Чехия арасындағы байланыстың деңгейін жоғары бағалады. Нұрлан Нығматулин Чехия Парламенті депутаттар палатасы спикерінің сапары ұзақ мерзімді және өзара тиімді ынтымақтастықты жан-жақты тереңдетуге маңызды серпін беретініне сенім білдірді.

Кездесу соңында Мәжіліс төрағасы өзінің әріптесін 28 қазанда Чехияда атап өтілетін мемлекеттілік күнімен құттықтап, достас елдің гүлденуі мен өркендеуіне тілектестік білдірді.

Хабар 24 телеарнасы