425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Роман Скляр жұмыс сапарымен Татарстан Республикасына барды

  • 407
Роман Скляр жұмыс сапарымен Татарстан Республикасына барды

Сапар аясында Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары Татарстан басшысы Рустам Миннихановпен кездесті, сондай-ақ World Urban Parks Дүниежүзілік парк конгресіне қатысты, деп хабарлайды primeminister.kz

Конгресте Австралия, Жаңа Зеландия, АҚШ, Африка, Еуропа және ТМД елдерінен 120-ға жуық спикер сөз сөйледі және жалпы саны мыңнан астам делегат қатысты. Қатысушылар қоғамдық кеңістіктің дамуын, қазіргі заманғы мегаполис өміріндегі жасыл аумақтардың рөлін және саябақтардың қалалық ортаға әсерін талқылады.

Қазақстандық тарап біздің елдеріміз арасында экономиканың түрлі салаларында, соның ішінде машина жасауда Қазақстан мен Татарстанның экономикалық өзара іс-қимылын дамытуда маңызды рөл атқаратын көлік саласындағы ынтымақтастықтың табысты жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.

Конгресс барысында Қазақстан мен Ресей қоғамдық кеңістіктерді қайта құру саласында бірлескен тәжірибелерді дамыту туралы Меморандумға қол қойды.

Құжатқа сәйкес, екі ел ынтымақтастығының негізгі бағыттары кеңістікті ұйымдастыруға экологиялық көзқарас, жас сәулетшілердің кәсіби қауымдастығын қалыптастыру, қала тұрғындары мен бизнесті абаттандыру жобаларына тарту, жергілікті қауымдастықтар мен жергілікті өндірістерді дамыту, қоғамдық кеңістіктерді басқару және оларды әртүрлі белсенділікпен толықтыру болады. Меморандум шеңберінде Ресей мен Қазақстан қоғамдық кеңістіктер мен қалалық ортаны дамытуға бағытталған бірлескен зерттеулер мен іс-шаралар жүргізу көздейді.

Хабар 24 телеарнасы