419,87 505.95 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Асқар Мамин ҚХР мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Кэцянмен келіссөздер өткізді

  • 888
  • UPD: 18:39, 02.11.2019

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің Үкіметтер басшылары кеңесінің (ҮБК) 18-отырысына қатысу үшін Ташкент қаласына жасаған сапары аясында ҚХР мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Кэцянмен екіжақты кездесу өткізді.

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биыл қыркүйек айында ҚХР-ға жасаған алғашқы мемлекеттік сапары барысында біздің мемлекеттеріміздің басшылары қол қойған ҚР-ҚХР Бірлескен мәлімдемесі екі ел арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестікті нақтылады», – деді А.Мамин.

Қытай – Қазақстанның аса ірі сауда серіктесі. Соңғы уақытта екі ел арасындағы сауда көлемі едәуір арттырылды. 2019 жылдың 8 айында екіжақты сауда көлемі 26%-ға артып, $9,2 млрд құрады.

Тараптар сауда-экономикалық, индустриялық, инвестициялық, энергетикалық, көлік-логистикалық ынтымақтастық, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және өңдеу, электронды сауда, АХҚО дамыту салаларындағы өзара іс-қимыл, сондай-ақ трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау мәселелерін талқылады.

Ақпарат көзі: primeminister.kz

Хабар 24 телеарнасы