384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан мен БҰҰ-ның еріктілер бағдарламасы ынтымақтастығын кеңейтті

  • 117
  • UPD: 11:51, 26.11.2019
Қазақстан мен БҰҰ-ның еріктілер бағдарламасы ынтымақтастығын кеңейтті

Қазақстан ақпарат және қоғамдық даму министрлігі БҰҰ-ның еріктілер бағдарламасымен ынтымақтасу келісіміне қол қойды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы беделді халықаралық ұйыммен әріптестігімізді нығайту бойынша міндеттемелеріміз БҰҰ еріктілер қатарына қазақстандықтарды тартып, оларға қолдау көрсетуді қарастырып отыр.

Еске салып кетсек, мамыр айында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан – Ресей жастары форумына қатысушылардың бастамасын қолдап, 2020 жылды Қазақстандағы Волонтёрлік жылы деп жариялаған болатын. Бұл келісім Қазақстанның еріктілердің халықаралық қозғалысына атсалысуын жандандыра түседі. Енді еліміздің азаматтары халықаралық мамандар ретінде түрлі салаларда БҰҰ волонтёрлері болып жұмыс істей алады.

Оливье Адам, БҰҰ еріктілер бағдарламасының үйлестірушісі:

- Қазақстан Президентінің 2020 жылды еріктілер жылы ретінде жариялауы бұл саладағы жұмысты ілгерілетуге және 2030 жылға дейінгі Тұрақты даму бағдарламасының мақсаттарына жетуге жағдай жасайды. Біз Қазақстанмен серіктестігімізді және бұл елдің волонтёрлік қозғалысты өз аумағы мен бүкіл әлемде дамыту ниетін жоғары бағалап отырмыз. Қазақстан адамдарға көмектесу дәстүрі бар ел. Асар, яғни жақындарға қол ұшын созу қазақ халқының мәдениетінде бұрыннан бар үрдіс.

Хабар 24 телеарнасы