386,20 429,31 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


А.Мамин «Росатом» мемлекеттік корпорациясының басшысын қабылдады

  • 125
  • UPD: 15:23, 26.11.2019
А.Мамин «Росатом» мемлекеттік корпорациясының басшысын қабылдады

ҚР премьер-Министрі Асқар Мамин «Росатом» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Алексей Лихачевпен кездесу өткізді.

«Атом саласындағы ынтымақтастық біздің елдеріміздің арасындағы екіжақты қарым-қатынастарда маңызды орын алады. Бүгінде бағыттардың кең спектрі бойынша бірлескен жұмыстар жүргізіліп жатыр»,— деді А.Мамин. 

Қазақстанда 5 қазақстандық-ресейлік бірлескен уран өндіруші кәсіпорын жұмыс істейді: «Заречное» БК АҚ, «Қаратау» ЖШС, «Ақбастау» БК» АҚ, «ОТХК» БК» ЖШС, «Хорасан-U» БК» ЖШС. 2018 жылы олар 8427 тонна уран (ҚР-да уран өндірудің барлық көлемінен 38,8%), осы жылдың 9 айында – 6645,8 тонна уран өндірді. 

Тараптар атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы Ресей-Қазақстан ынтымақтастығының кешенді бағдарламасын жүзеге асыру барысын, соның ішінде уранды өндіру және байыту, ғылыми-техникалық және инновациялық даму саласындағы, сондай-ақ Атом қуаты халықаралық Агенттігімен Төмен байытылған уран банкі бойынша өзара іс-қимылдың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады.

Ақпарат көзі: ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы