377,29 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тимур Тоқтабаев қызметінен босатылды

  • 208
Тимур Тоқтабаев қызметінен босатылды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Тимур Серікұлы Тоқтабаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі лауазымынан босатылды.

Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Т.Тоқтабаев 1981 жылы дүниеге келген, 2011 жылдан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі құрылымында жұмыс істеген. Жер қойнауын пайдалану департаменті директорының орынбасары, директоры (2011-2016 жж.), этика жөніндегі уәкілетті өкіл (2016 ж.), вице-министр (2016-2019 жж.) қызметтерін атқарған. Оған дейін «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» АҚ-да, ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігінде, «Қазгеоинформ» геологиялық мәліметтер орталығында және т.б. қызмет еткен.

Хабар 24 телеарнасы