426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үкімет басшысы жеңілдетілген несие беру ісін жетілдіруді тапсырды

  • 416
Үкімет басшысы жеңілдетілген несие беру ісін жетілдіруді тапсырды

Премьер-министр Асқар Мамин қарапайым заттар экономикасын дамыту бойынша жеңілдетілген несие беру бағдарламасы шеңберінде өңірлерде белсенді жұмыс жүргізуді жүктеді, деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Бағдарламаны жүзеге асыру, мемлекеттік сатып алу және жергілікті қамту мәселелері 24 қаңтарда Мемлекет басшысының төрағалығымен өтетін Үкіметтің кеңейтілген отырысында қаралады. Ішкі нарықты отандық тауарлармен барынша молықтыру үшін қарқынды жұмыс істеп, жергілікті өндірушілердің тұрақты дамуын қамтамасыз ету қажет. Бүгін де несие берілген жобалардың сомасы 206 млрд теңгені құрайды. Екінші деңгейлі банктердің қарауында 212 млрд теңгенің жобалары бар. Өңірлер осы бағдарлама шеңберінде белсенді жұмыс жүргізу керек деп санаймын», – деді Асқар Мамин Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, әлеуетті кәсіпкерлерді қолдау керек.

«Бүгінгі таңда мақұлданған жобалар бойынша ең жақсы көрсеткіштер Батыс Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында екенін атап өткім келеді. Сонымен қатар, артта қалған өңірлер де бар. Олар: Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары, Атырау мен Қостанай облыстары. Сондықтан, аталған өңірлер осы бағыттағы жұмыс қарқынын арттыруы керек. Жеңілдетілген несие беру бағдарламасының қарқынын жеделдету қажет», – деді ол.

Хабар 24 телеарнасы