376,42 420,09 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҰҰ-да Қазақстан негізін қалаған дәстүр жалғасып келеді

  • 196
  • UPD: 17:59, 03.01.2020
БҰҰ-да Қазақстан негізін қалаған дәстүр жалғасып келеді

Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы тұрақты өкілдігі қалыптасқан дәстүр бойынша жаңа жылдың алғашқы жұмыс күнінде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне сайланған елдердің ұлттық туларын орнату рәсімін ұйымдастырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ондағы мақсат – халықаралық қауымдастық жүктеген жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтаудың маңыздылығын айшықтау. «Жаңа дәстүрдің енгізілуімен бұл рәсім БҰҰ-на мүше мемлекеттердің және әлемнің жетекші бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен Кеңестің жыл-сайынғы бағдарламасының бірінші жұмыс күніндегі ресми іс-шараға айналды», – дейді ұйымдастырушылар.

Айта кетейік, Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде екі жылдық жұмысын 2018 жылғы 31 желтоқсанында аяқтады. 

Хабар 24 телеарнасы