376,43 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР Президенті «Abu Dhabi Global Market-тің» Қазақстанда атқарып жатқан жұмысына алғыс білдірді

  • 115
  • UPD: 20:02, 27.01.2020
ҚР Президенті «Abu Dhabi Global Market-тің» Қазақстанда атқарып жатқан жұмысына алғыс білдірді

Қазақстан Президенті «Abu Dhabi Global Market» (ADGM) еркін экономикалық аймағы Директорлар кеңесінің төрағасы, Мемлекеттік министр Ахмед Әли Әл Сайихпен кездесу өткізді.

Кездесуде тараптар Абу Даби еркін экономикалық аймағының «Астана» халықаралық қаржы орталығымен бірлескен жобаларының жүзеге асырылуы жайында әңгімелесті. Ахмед Әли Әл Сайихтың айтуынша, өзара ынтымақтастықты дамыту жөнінде нақты жоспарлары бар.

Мемлекет басшысы «Abu Dhabi Global Market» еркін экономикалық аймағының елімізде атқарып жатқан жұмысына ризашылық білдіріп, қаржы нарығын реттеу саласындағы ықпалдастықты нығайтуға ниетті екенін атап өтті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Хабар 24 телеарнасы