375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Президент ҚР Конституциясының 25 жылдығы құрметіне мерекелік медаль тағайындады

  • 149
  • UPD: 18:59, 11.02.2020
Президент ҚР Конституциясының 25 жылдығы құрметіне мерекелік медаль тағайындады

Мемлекет басшысы ҚР Конституциясының 25 жылдығы құрметіне мерекелік медаль тағайындады.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығы құрметіне арналған мерекелік медаль туралы

Конституцияның үстемдігін қамтамасыз етуге, Қазақстан Республикасының конституциялық негіздерінің қалыптасуы мен дамуына, адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауға елеулі үлес қосқан Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтарын көтермелеу мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығы құрметіне ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 

  1. «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалі тағайындалсын.
  2. Қоса беріліп отырған:

    1) «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалімен наградтау қағидалары;

    2) «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалінің сипаттамасы бекітілсін.

  1. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Хабар 24 телеарнасы