410,33 456,25 5.75
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекет басшысы Мюнхенде өтетін қауіпсіздік конференциясына қатысады

  • 459
  • UPD: 15:11, 14.02.2020

Бүгін Германияның Мюнхен қаласында Қауіпсіздік жөніндегі 56-Мюнхен конференциясы басталады. Оның жұмысына мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысады.

Жаһандық жиын бүгін елорда уақытымен кешкі жетіге белгіленген. Оған дейін президент бірнеше мемлекеттің басшыларымен, халықаралық ұйымдар мен Германияның ірі компанияларының жетекшілерімен  екіжақты кездесулер өткізеді деп жоспарланған. Атап айтқанда, Қасым-Жомарт Тоқаев «BayWa AG» компаниясының басқарма төрағасы Клаус Лутцпен кездеспек.  Аталған компания ауылшаруашылығы, құрылыс және энергетика саласының алыбы саналады. Ірі холдинг енді Орталық Азиямен байланыс орнатуға дайын. Және олардың таңдауы Қазақстан нарығы. Мысалы, компания Назарбаев университеті базасында агроинновациялық зертхана салу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Қауіпсіздік жөніндегі Мюнхен конференциясы –  жаһандық ең ірі бейресми форумдардың бірі. Конференцияда қазіргі заманның маңызды мәселелері талқыланады. Жаһандық жиынға 40-қа жуық мемлекеттің басшылары, 100-ден астам сыртқы істер және қорғаныс министрлері, халықаралық қатынастар саласындағы беделді сарапшылар қатысады деп күтілуде.

Хабар 24 телеарнасы