419,72 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ҚР ОСК Дариға Назарбаеваның депутаттық өкілеттігін тоқтатты

  • 414
  • UPD: 11:45, 04.05.2020
ҚР ОСК Дариға Назарбаеваның депутаттық өкілеттігін тоқтатты Sputnik Казахстан

ҚР Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Дариға Назарбаеваның өкілеттігін тоқтатты.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабы 5-тармағына, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» 1995 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 24-бабы 5 және 9-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Президентінің «Д.Н. Назарбаева туралы» 2020 жылғы 2 мамырдағы № 315 Жарлығының қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаеваның өкілеттігі тоқтатылды деп белгіленсін», – делінген ҚР ОСК таратқан мәліметте.

Бұған дейін Президент жарлығымен Дариға Назарбаеваның өкілеттілігі тоқтағанын мәлімдегенбіз.

Дариға Назарбаева Парламент Сенатының спикері болып 2019 жылдың 20 наурызында қызметіне кірісті. Ал 2019 жылдың 12 тамызында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Д.Назарбаеваны Сенат депутаты қылып қайта тағайындады.

Хабар 24 телеарнасы