418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР СІМ: Өзбекстанға нота әзір жолданбайды

  • 77
  • UPD: 20:34, 16.06.2020
ҚР СІМ: Өзбекстанға нота әзір жолданбайды

Оңтүстіктегі тасқын су басу салдарын жою жұмыстары өзбек тарапымен бірлесе атқарылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондықтан Сыртқы істер министрлігі Өзбекстанға нота жолдау мәселесін қазір қарастырып жатқан жоқ. Түркістан облысының басшылығы кеше көрші елге барып, тиісті келіссөздер жүргізді. Сонымен қатар вице-премьер Роман Скляр бастаған Үкіметтік комиссия да ертең бірлескен іс-қимыл алгоритмін пысықтау үшін су басқан аймақтарға барады. Екі тараптың стратегиялық байланысы және трансшекаралық су ағындары мен халықаралық көлдерді қорғау, пайдалану жөніндегі конвенцияның нормалары толық ескеріледі.

Айбек Смадияров, ҚР сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:

– Бұл мәселенің саяси сипаты жоқ. Өздеріңізге мәлім, бірнеше мың адам баспанасыз қалды. Сондықтан бір-бірімізге қазір Қазақстан мен Өзбекстан арасында нота немесе хат жолдап отыратын уақыт жоқ. Біздің комиссия жедел түрде жұмыс істеп жатыр, өзбек тарапымен бұл мәселені бірлесіп шешуге біз ниеттіміз.

Хабар 24 телеарнасы