424,64 503.77 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Н.Назарбаев В.Путинмен телефон арқылы сөйлесті

  • 442
  • UPD: 21:00, 09.05.2020
Н.Назарбаев В.Путинмен телефон арқылы сөйлесті zakon.kz

Елбасы Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар бір-бірін Жеңістің 75 жылдығымен құттықтады. Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин Қазақстан мен Ресейде коронавирус пандемиясына қарсы күресте қабылданып жатқан шараларды, сондай-ақ індеттің мемлекеттердің экономикалық дамуына әсерін талқылады. Тараптар тезірек кеселді тезірек еңсеріп, экономикалық дағдарыстан шығуға бағытталған үйлесімді халықаралық шаралар әзірлеудің маңыздылығын атап өтті.

Әңгіме соңында екі ел арасындағы саяси, экономикалық және гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайту жайына жеке тоқталды.

Хабар 24 телеарнасы