422.97 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Н.Назарбаев А.Есімовті қабылдады

  • 321
  • UPD: 15:38, 20.05.2020
Н.Назарбаев А.Есімовті қабылдады inform.kz

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кездесу барысында қордың портфельдік компанияларының қазіргі экономикалық жағдайда үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Ахметжан Есімовтің айтуынша «Самұрық-Қазынаның» барлық кәсіпорны қалыпты жағдайда жұмыс істеп жатыр. Қордың алдын ала қарастырылған қаржылық резервтерінің арқасында өндіріс қызметкерлерінің қысқаруына жол берілмеді. Жалақы кешіктіріліп жатқан жоқ. Аудит қорытындысы бойынша бюджетке түсетін төлемдер алдыңғы жылдармен салыстырғанда 52 процентке артып, 1,1 триллион теңгеден асты.

 

Хабар 24 телеарнасы