418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Теңізшевройл» ЖШС бас директоры Елбасын құттықтады

  • 140
  • UPD: 15:50, 06.07.2020

Елбасын 80 жылдық мерейтойымен «Теңізшевройл» серіктестігінің бас директоры құттықтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өз сөзінде Имер Боннер Нұрсұлтан Назарбаевтың жетекшілігімен Қазақстан егеменді ел болып, дамудың даңғыл жолына түскенін айтты. Әрі біздің жерде еңбек етуге мүмкіндік бергені үшін алғысын жеткізді.

Имер Боннер, «Теңізшевройл» ЖШС бас директоры:

– Құрметті Елбасы! «Теңізшевройлдың» атынан сізді мерейтойыңызбен құттықтаймыз! Сіз Тәуелсіз Қазақстанның және компаниямыздың тарихында ерекше рөлге иесіз. Сіздің жетекшілігіңізбен Қазақ елі егемендігін алды. Шетелдік инвесторлар үшін есік ашылды. Бұл қатарда «Теңізшевройл» да бар. Біз Қазақстанның үкіметімен бірге экономиканың дамуына өз үлесімізді қосып келеміз. Нұрсұлтан Әбішұлы, өзіңіздің арқаңызда мен 7 жыл бойы Қазақ жерінде өмір сүріп, еңбек етіп келемін. Сіздің сарабдал саясатыңыздың нәтижесінде Қазақстан шетелдермен байланысын жандандырып, әлемдік аренада зор беделге ие болды.

Хабар 24 телеарнасы