424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Президент Конституцияның 25 жылдығына арналған халықаралық конференцияға қатысты

  • 203
  • UPD: 17:27, 27.08.2020

Конституция сәт-сайын жаңарып, мазмұны өзгеріп отырады. Бұл – заман талабы.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. Президент Конституцияның 25 жылдығына арналған халықаралық конференцияға қатысты. Ол онлайн форматта өтті. Жиында алыс-жақын елдердің білікті сарапшылары да өз ойларын ортаға салды. Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстан Конституциясы референдум негізінде қабылданды» дейді. Елдің басты құжатын қабылдар кезде бұқараның пікірі ескерілген. Билік әлі де заң қабылдайтын кезде халықпен санасады. Айталық, былтыр елімізде Ұлттық сенім кеңесі құрылған. Елдің белсенді азаматтары қоғамның осал тұстарын айқындап беріп, елге қандай заң керектігін жіпке тізіп айтып берген. Соның нәтижесінде елімізде аз ғана күнде бірнеше заң жобасы күшіне еніп үлгерді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Парламент Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бастамасы бойынша бірқатар маңызды заңнамалық өзгерістерді қабылдады. Елімізде бейбіт жиналыстар туралы демократиялық тұрғыдан мүлде жаңа заң күшіне енді, саяси партияларды құру және тіркеу үдерісі едәуір жеңілдетілді, сайлаудағы партиялық тізімдерге әйелдер мен жастар үшін 30%-тік квота енгізілді, сондай-ақ жала жапқаны үшін қылмысқа тарту талабы алынып тасталды.

Хабар 24 телеарнасы