420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәжілісте заңнама және сот-құқықтық реформа комитетіне жаңа төраға сайланды

  • 119
  • UPD: 11:53, 02.09.2020
Мәжілісте заңнама және сот-құқықтық реформа комитетіне жаңа төраға сайланды

ҚР Парламенті Мәжілісінің заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы қызметіне Қанат Мусин сайланды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Комитет төрағасы кандидатурасын ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин ұсынды.

«ҚР Парламентінің комитеттері мен комиссиялары туралы заңға сәйкес комитет төрағасын палата төрағасы ұсынады. Сондықтан, аталған заңның 8-бабына сәйкес Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы лауазымына депутат Қанат Сергейұлы Мусиннің кандидатурасын ұсынамын. Баршаңыз жақсы білесіздер, осы комитетте жылдар бойы заң саласында жұмыс істеді. Маңызды заңдардың қабылдануына үлес қосты. Оның осы салада білімі де, тәжірибесі де өте мол», - деді Н.Нығматулин.

Бұған дейін заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы болған Нұрлан Әбдіров ҚР Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары болып сайланды және депутаттық өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Хабар 24 телеарнасы