431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда Төтенше жағдайлар министрлігі құрылды

  • 165
  • UPD: 20:44, 09.09.2020
Қазақстанда Төтенше жағдайлар министрлігі құрылды

Тиісті қаулыға Президент қол қойды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі Агенттік пен Бәсекелестікті қорғау және дамыту жөніндегі агенттік құру туралы да қаулы қабылдады. Жаңа агенттік реформаларды жүзеге асыру тәсілдерін әзірлеп, мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын дайындаудағы қызметтерді үйлестіреді. Мемлекеттік органдардың басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған ұсыныстарымен келісу, халықаралық ахуалды стратегиялық болжамдау да жаңа агенттікке жүктеледі. Ал, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі нарықтағы монополистік қызметті шектеу, бақылау, реттеу саласындағы жұмыстармен айналысады.

Хабар 24 телеарнасы