429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары 2 айға қамауға алынды

  • 133
Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары 2 айға қамауға алынды

Ал Қарағанды қаласы әкімінің орынбасарының ісі жайлы бүгін облыстық прокуратура жаңа деректерді жария етті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жер пайдалану, қала құрылысы, сәулет жөнінде жауапты болған Жақсылық Шалабеков сот санкциясымен 2 айға қамауға алынды.

«Ол 2018 жылы Қарағандыда «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша тұрғын үйлер салуға бөлінген бюджет қаражатын құрылыс компания өкілдерімен алдын ала сөз байласып, талан-таражға салған» деген күдікке ілініп отыр. Жақсылық Шалабеков Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары болып өткен жылдың ақпан айында тағайындалған болатын.

Нұрсұлтан Қалдырбай, облыстық прокуратураның ресми өкілі:

– Ол Қылмыстық процестік кодекстің 128-бабы негізінде ұсталды. Бүгінгі күні Шалабеков 2 айға қамауға алынды. Оның барысы облыс прокуратурасы басшылығының бақылауында. Оның қылмыстық әрекеттер салдарынан мемлекетке 107 млн теңге шығын келтірілген.

Хабар 24 телеарнасы