425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан мен Жапония сыртқы істер министрлері телефон арқылы сөйлесті

  • 119
  • UPD: 12:52, 19.10.2020
Қазақстан мен Жапония сыртқы істер министрлері телефон арқылы сөйлесті

Жапон тарапының бастамасымен ҚР сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Жапония сыртқы істер министрі Тосимицу Мотэгимен телефон арқылы сөйлесіп, екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.

Сұхбат барысында М.Тілеуберді COVID-19 індетімен күрес аясында жапон тарапының Қазақстанға көрсеткен гуманитарлық көмегі үшін алғысын білдірді, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Тараптар 2020 жылғы тамызда бейнеконференция форматында өткен «Орталық Азия + Жапония» диалогы сыртқы істер министрлері отырысының нәтижелерін іске асырудың маңыздылығын атап өтті.

Қазақстан мен Жапония арасындағы стратегиялық серіктестіктің әлеуетін ескере отырып, инвестициялық және технологиялық ынтымақтастыққа негізделген сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі белсенді нығайту жолдарын айқындап, қарым-қатынастардың барлық спектрі бойынша өзара тиімді әрекетті жалғастыру туралы уағдаластыққа қолжеткізді.

Хабар 24 телеарнасы