425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Ауыл» партиясы саяси науқанға қатыса ма?

  • 151
  • UPD: 20:03, 21.10.2020

«Ауыл» партиясының саяси науқанға қатысу-қатыспауы жақын арада өтетін партияішілік съезде белгілі болмақ, хабарлайды «Хабар 24».

Десе де, патриоттық партия өкілдері сайлауға түсіп, Мәжілістен орын бұйырса, агросектор мен ауылдың жайын толыққанды реформалауға ниетті екенін жасырмады. «Әсіресе шағын ауылшаруашылық өндірушілерін қолдауға басымдық береміз», - дейді. Осылайша, бұл саладағы жүйелі қаржыландыру үдерісін өзгертпек. Себебі партия бастамасымен жүргізілген жалпыұлттық «Ел Аманаты» сауалнамасында осы мәселеге шағымданушылардың саны көп болған.

Әли Бектаев, «Ауыл» ХДП партиясының төрағасы:

- Сайлаудың осы ерекшеліктері көппартиялы Парламент жасақтауға мүмкіндік береді деген сенім бар. Ол үшін әрине, сайлау кезінде, санақ кезінде, дауыс жинау кезінде әділдік пен тазалық керек. Оны да «Президент өз тарапынан бақылауға алып, қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайды», деп отыр.

Хабар 24 телеарнасы