423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

А.Мамин Азия даму банкінің Қазақстандағы жаңа директорын қабылдады

  • 89
  • UPD: 14:02, 12.11.2020
А.Мамин Азия даму банкінің Қазақстандағы жаңа директорын қабылдады

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Азия даму банкінің Қазақстандағы өкілдігінің директоры Нариман Маннапбековті қабылдады, деп хабарлады primeminister.kz.

Тараптар инфрақұрылымды, шағын және орта бизнесті, денсаулық сақтауды дамыту және пандемия салдарының Қазақстан экономикасына әсерін азайту жобаларын іске асыруда ҚР мен АДБ-ның одан әрі ынтымақтастығының перспективаларын талқылады.

1994 жылдан бастап АДБ Қазақстанда қаржы, инфрақұрылым, энергетика, коммуналдық қызметтер секторы және басқа да салаларды дамыту жөніндегі мемлекеттік жобаларды іске асыруға $5,1 млрд-тан астам қарыз бөлді.

АДБ $50 млн-ға көлік және ауыл шаруашылығы кешендерінде, білім беруде, денсаулық сақтауда, шағын және орта бизнесті дамытуда 100-ге жуық техникалық көмек жобасын қаржыландырды. Көлік, коммуналдық қызметтер, мал шаруашылығы және т.б. салалардағы жеке сектор жобаларын іске асыруға $628 млн-нан астам қаражат бөлінді.

Хабар 24 телеарнасы