Қ.Көшербаев Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссия отырысын өткізді
- 115
- UPD: 17:44, 24.11.2020

ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның отырысы өтті.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Комиссия отырысында мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің мемлекеттік наградалармен марапаттау жөніндегі ұсыныстары қаралды.