420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан-Өзбекстан тандемі өңірдің болашақтағы тағдырын айқындамақ – Ф.Толипов

  • 113
  • UPD: 14:34, 16.12.2020
Қазақстан-Өзбекстан тандемі өңірдің болашақтағы тағдырын айқындамақ – Ф.Толипов

Қазақстанның әлемдік аренадағы белсенділігі Орталық Азияның дамуына тың серпін берді. Бұл өзбекстандық саясаттанушы Фарход Толиповтың пікірі.

Оның айтуынша, Қазақстан халықаралық ынтымақтастықты кеңейтіп, мықтай түсуіне Тәуелсіздіктің ақ таңы атқан тұстан жан салып жүр. Көрші елдің сарапшысы өңірлік ынтамақтастықты жаңғырту қажеттігін айтады. Ол осы мақсатқа жету үшін бұрын Орталық Азия ынтымақтастығы ұйымы болғанын еске алып отыр. Кейін бұл бірлестік Еуразиялық экономикалық қауымдастықпен біріктірілгенін айтып кету керек.

Фарход Толипов, саясаттанушы:

- Бұл консультативті кездесулер өңірлік интеграциялық процестерді тездетіп біріктіруге сеп болады, деп сенемін. Бұл істің сәтті жүзеге асуы көбіне мықты, Орталық Азияда көшбасшы елге айналған Қазақстанға және Өзбекстанға байланысты. Менің ойымша, Қазақстан мен Өзбекстанның тандемі біздің өңірдің болашақтағы тағдырын айқындамақ.

Хабар 24 телеарнасы