430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сайлау: Бейпартиялық байқау орталығы жұмысын бастады

  • 268
  • UPD: 23:31, 21.12.2020

Алдағы сайлаудың талапқа сай өтуін арнайы ұйым назарда ұстайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін бейпартиялық байқау орталығы саяси додаға түсіп жатқан партия өкілдерімен кездесу өткізді. Онда маңызды іс-шараға дайындық барысы талқыланып, байқаушылардың, біліктілігі сөз болды. «Орталық байқаушылары ешбір партияға болыспайды. Мақсатымыз – науқанның барынша әділ өтіп, заңның үстемдік құруын қамтамасыз ету», - дейді мамандар.

Бану Нұрғазиева, Сайлауды бейпартиялық байқау орталығының жетекшісі:

- Осында Кәсіподақтар федерациясы, одан кейін басқа үкіметтік емес ұйым өкілдері, қазірдің өзінде 18 мың адамды дайындап қойдық. Әлі 2 мыңдай адам керек. Ертең қосылса, біздің адамдар түске дейін де, түнге дейін де әр учаскеде отырып, сайлауды қадағалап отырады деп ойлаймыз

Хабар 24 телеарнасы