378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Азия чемпионаты мен Әлем кубогында велотректен ел намысын қорғайтын ұлттық құрама іріктеледі

  • 670
  • UPD: 20:36, 26.01.2017

Еліміздің ең үздік шабандоздары бүгін Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде бас қосып, өзара мықтыны анықтауға кірісті.

Қысқы Қазақстан чемпионатына 12 өңірден 200-ден астам спортшы келді. Тіпті, оған бұл жолы көрші Ресейдің құрамалары да қатысуға ниет танытыпты. 4 күнге созылатын додада тек ел чемпиондары ғана анықталып қоймайды. Бұған қоса, алдағы ақпан айында өтетін Азия чемпионаты мен Әлем Кубогында ел намысын қорғайтын ұлттық құрама іріктеледі. Сонымен қатар дәл осы таңдаулы шабандоздар сәуір айында Гонгконгте болатын әлем чемпионатына қатысады. Сондықтан шығар, Астанадағы бәсеке рекордтық көлемдегі қатысушыларды жинап отыр және бас жүлдеге талас аса тартысты өтуде.

Марат Сатыбалдиев, ҚР Велоспорт федерациясы президентінің кеңесшісі:

- Жастардың даму қарқыны жақсы. Аз жылдың ішінде велотректен әлемдік додалардың бәсекесіне қабілетті құрамаға айналдық. Енді бұл қарқынды азайтпау керек. Осы мақсатта ішкі чемпионатарды жиі өткізіп тұрамыз. Сонымен қатар шетелден бапкер тартып, Ұлттық құрамамыздың біліктілін жетілтіруге күш салынуда. 

Хабар 24 телеарнасы