389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Головкин ауыр салмаққа өтпейтінін мәлімдеді

  • 713
  • UPD: 17:11, 11.03.2017
Головкин ауыр салмаққа өтпейтінін мәлімдеді Фото: ИноСМИ

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) америкалық Дэниэл Джейкобспен (32-1, 29 КО) өтетін жекпе-жекке қалай дайындалып жатқанын айтып берді, деп жазады Vringe.com порталы.

«Дэнни өте жақсы боксшы. Мүмкін оның соққысы менікіне қарағанда күштірек шығар. Бірақ бұл жерде мәселе тек жұдырықтың күшіне байланысты емес, сондай-ақ тайминг пен қашықтыққа байланысты. Жалпы ол мықты панчер әрі тамаша боксшы», - деді Головкин.

Сондай-ақ қазақстандық боксшы орта салмақтан кетпейтінін айтып өтті, деп жазады Vesti.kz.

«Маған осында ыңғайлы. Қазір мен шамамен 75 келімін, бір аптадан соң 74 келі болып қаламын. Категориямды жоғарылату жайлы ештеңе айта алмаймын», - деді Головкин.

Еске сала кетейік, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен Дэниэл Джейкобс арасындағы жекпе-жек 18 наурызда Нью-Йорктің Madison Square Garden аренасында өтеді.

Хабар 24 телеарнасы