386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Порту» қақпашысы Икер Касильяс рекорд орнатты

  • 750
  • UPD: 23:43, 15.03.2017
«Порту» қақпашысы Икер Касильяс рекорд орнатты

Испаниялық Паоло Мальдинидің өзінен асып түсті.

Чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы «Ювентуске» қарсы қарымта ойын 35 жастағы қақпашының еурокубоктардағы 175-матчы болды. Бұған дейінгі рекорд «Миланның» қорғаушысы италиялық Паоло Мальдиниге тиесілі еді (174), деп жазады eurosport.ru.

Қазір алаңда өнер көрсетіп жүрген ойыншылардан Касильястың көрсеткішіне жақын деген үш ойыншы бар: Хави (173), Джанлуиджи Буффон (146) мен Криштиану Роналду (142).

Естеріңізге сала кетейік, «Порту» Чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы екі ойынның қорытындысы бойынша «Ювентуске» жол беріп, турнирден шығып қалды.

Хабар 24 телеарнасы