384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Чавес неліктен Альварестің Головкинмен ешқашан жекпе-жек өткізбейтінін түсіндірді

  • 828
  • UPD: 11:37, 18.04.2017
Чавес неліктен Альварестің Головкинмен ешқашан жекпе-жек өткізбейтінін түсіндірді (с) Спорт bigmir/net

Орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы кіші Хулио Сезар Чавес өзінің отандасы Сауль «Канело» Альварестің неге ешқашан Головкинмен жұдырықтаспайтынын түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

«Канелоның» Головкинді жеңетін мүмкіндігі бар деп ойлайтынмын, бірақ қазір ол ойым өзгерді. Өйткені «Канело» онымен спарринг өткізді де, мықтылығын сезді. Альварес Головкинді жеңе алмайтынын түсінді, оның үстіне ол кішірек. Головкин расымен жақсы боксшы. Боксшы ретінде ол Альварестен мықты, физикалық дайындығы да жақсы және нағыз орта салмақтың адамы», - дейді Чавес ESNews басылымына берген сұхбатында.

Еске салайық, 6 мамырда кіші Чавес Лас-Вегас қаласында «Канеломен» жұдырықтасады. Бұл жекпе-жек 164,5 фунт аралық салмақта өтеді.

Сонымен қатар, Альварес осы жекпе-жектен кейін Головкин жұдырықтасып жүрген орта салмаққа өтетінін айтқан. Тараптар қыркүйекте жекпе-жек өткізу жайында келіссөз жүргізіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы