384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Айдар Шәрібаевтың жекпе-жегі келесі аптаға қалдырылды

  • 468
  • UPD: 09:55, 24.04.2017
Айдар Шәрібаевтың жекпе-жегі келесі аптаға қалдырылды vk.com

22 сәуір күні АҚШ-тың Нью-Джерси қаласында Айдар Шәрібаевтың өтуі тиіс болған чемпиондық жекпе-жегі соңғы сәтте кейінге қалдырылған болатын. Қазақстандық кәсіпқой боксшы Айдар Шәрібаев шаршы алаңға 28 сәуір күні оралады деп хабарлайды «Diamond Ring» ресми сайты.

Естеріңізге сала кетейік, 22 сәуір күні АҚШ-тың Нью-Джерси қаласында «Diamond Ring» боксшысы Айдар Шәрібаев америкалық Захария Рэмсимен жеңіл салмақ дәрежесіндегі WBA NABA вакантты белбеуіне таласуы тиіс болған. Алайда соңғы сәтте америкалық боксшы кездесуден бас тартып, Айдармен айқасудан қашқақтады.

Енді Айдар шаршы алаңға келесі аптаның соңында, нақты айтқанда 28 сәуір күні Чикагодағы кәсіпқой бокс кешінде шығады. Қазіргі таңда Шәрібаевтың Америкадағы менеджерлері чемпиондыққа лайық қарсылас қарастыруда. Айқастың статусы өзгерген жоқ. Айдар жеңіл салмақ дәрежесінде WBA NABA чемпиондық белбеуіне таласады.

Соңғы жекпе-жегін 17 наурыз күні Майамиде өткізген Шәрібаевтің еншісінде бес айқаста бес жеңіс бар. Төрт қарсыласын нокаутпен жеңген ол бүгінде чемпиондық айқасқа кубалық маман Осмири Фернандестің қарамағында дайындалып жатыр.

Ақпарат көзі: Vesti.kz

Хабар 24 телеарнасы