380,56 429.20 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Сарыарқа» велотрегінде ашық есік күні өтті

  • 542
  • UPD: 21:51, 21.05.2017

2020 жылы ел халқының 30 пайызы бұқаралық спортпен айналысуы керек.

Елбасы жүктеген осы тапсырманы орындау бағытында Астанадағы «Сарыарқа» велотрегі ашық есік күнін ұйымдастырды. Яғни қала тұрғындары мен қонақтары білікті спорт мамандарына сұрақтарын қойып, кеңестерін алды. Сонымен қатар тегін сертификаттар таратылды. Айта кетейік, республикалық велотрек ұлттық құраманың олимпиадалық даярлау орталығы болғанымен, алып кешенде футбол, таэквондо, шорт-трек, мәнерлеп сырғанау, жүзу, аквааэробика сияқты секциялар мен фитнес-орталық бар. Игі шараға қатысқандар енді осында жаттығып, салауатты өмір салтын ұстануға мүмкіндік алды.

Динара Елубаева, Олимпиадалық даярлау орталығы бөлімінің жетекшісі:

- Біздің Олимпиадалық даярлау орталығы тек кәсіпқой спортқа емес, бұқаралық спортқа да көңіл бөледі. Бүгінгі шара - соның бір көрінісі. Барлығыңызды спортзалға шақырамыз.

Хабар 24 телеарнасы