389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Антуан Гризманн «Атлетикода» қалады

  • 573
  • UPD: 23:29, 13.06.2017
Антуан Гризманн «Атлетикода» қалады

Мадридтің «Атлетико» футбол клубы команда көшбасшысы Антуан Гризманнмен келісімшартын ұзартты.

Бұл туралы kaz.vesti.kz хабарлайдыЖаңа деректер бойынша француз футболшысы 2022 жылға дейдейн келісімге қол қойған. Өзге нақты деректері жарияланған жоқ. Сондай-ақ оның жалақысына үстеме қосылған.
2016 жылы
ҒІҒА «Атлетико» клубына 18 жасқа толмаған ойыншыларды командаға шектен тыс тіркегені үшін ойыншы сатып алуға шектеу қойған еді. Сондықтан да Диего Симеонеге қазір шабуылшы қажет-ақ.

Айта кетейік, Антуан Гризманн «Атлетикода» 2014 жылдан бері ойнап келеді. Өткен жылы Франция құрамасының сапында Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Осыған дейін ағылшындық «Манчестер Юнайтедке» ауысып келуі мүмкін екені айтылып келген-ді.

Хабар 24 телеарнасы