383,35 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада қазақ күресінен әлем чемпионаты өтеді

  • 760
  • UPD: 17:47, 26.10.2017

Бірер күннен кейін Астанада 40 елдің 170-ке жуық балуаны бас қосып, қазақ күресінен Әлем чемпионы атағын сарапқа салады.

«Ауқымы мен тартымдылығы жағынан бұрын-соңды болмаған дода күтіледі», – дейді ұйымдастырушылар.

Қазақ күресі халықаралық федерациясының өкілдері бүгін арнайы баспасөз мәслихатын өткізіп, жарыс форматы жайында айтып берді. Жалпы 8 салмақ дәрежесі бойынша мықтылар анықталмақ. Бұған қоса абсолюттік дәреже, яғни түйе палуандар белдеседі. Қатысушылардың арасында жекпе-жек түрлері бойынша төрткүл дүниеге танымал спортшылар бар. Жарыстың жалпы жүлде қоры 40 мың АҚШ долларын құрайды.

Арман Шораев, ҚР Қазақ күресі федерациясының президенті:

- Өзіміздің ұлттық құндылығымыз қазақ күресін әрі қарай дамытайық десек, болашақта олимпиада ойындарына енгіземіз десек, осындай күрделі шараларды үзбей өткізуіміз керек. Насихат жолында жасалып жатқан үлкен жұмыс. Барлығыңызды 28-29 қазан «Барыс Аренаға» шақырамын!

Хабар 24 телеарнасы