384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда шахматтан Pavlodar Open жарысы басталды

  • 588
  • UPD: 18:58, 22.11.2017

Павлодарда әйелдер мен ерлер арасында шахматтан Қазақстан Кубогінің үшінші кезеңі басталды.

«Pavlodar Open» дәстүрлі турниріне Ресей, Украина және Белорустың танымал 20 шахмат шебері келіпті. Олармен кездесу жергілікті спортшылар үшін шеберліктерін шыңдауға және біліктілік деңгейін арттыруға зор мүмкіндік береді екен. Биыл халықаралық жарысқа Моңғолия, Тәжікстан және қырғыз құрамалары да қатысып жатыр. Жүлде қоры үш миллион теңге болатын турнирде 100 шахмат шебері өзара кім мықтыны анықтайды.

Серікбай Темірбаев, халықаралық дәрежедегі төреші: 

- Ақ-қара тақтадағы ойындар швейцариялық жүйе бойынша өтуде. Бұл турнирдің басты ерекшелігі. Стандартты жүйе 9 кезеңнен тұрса, бұл жарыста 10 кезең бар. Бұл ойын жас шахматшыларға рейтингтерін көтеруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар халықаралық гроссмейстер мен халықаралық дәрежедегі шебердің нормативтерін орындай алады.

Хабар 24 телеарнасы