374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Швецияда кәсіпқой боксқа тыйым салынуы мүмкін

  • 257
  • UPD: 14:12, 21.01.2018
Швецияда кәсіпқой боксқа тыйым салынуы мүмкін Голос UA

Швецияда кәсіпқой боксқа біржола тыйым салынуы мүмкін. 

Бұл боксшылардың ауыр жарақат алуымен байланыстырылып отыр.

Кәсіпқой боксқа тыйым салу жайы боксшы Эрик Скоглундтың спарринг кезінде алған жарақатынан кейін айтыла бастады. Бүкіләлемдік бокс суперсериясының бұрынғы қатысушысы кезекті кездесуіне дайындығы кезінде басынан ауыр жарақат алып, миы шайқалған. Аурухананың жансақтау бөліміне түсіп, дәрігерлер боксшыны аман алып қалған. Қазіргі таңда Эрик емін үйінде жалғастыруда.

Швецияда осыған дейін де кәсіпқой бокс қатаң бақылауда болатын. Жоғарыдағы жағдайдан кейін ел спортының басшылығы мен еңбекті қорғау агенттігі бұл спорт түріне қатысты нақты шешім шығару жайын жақын күндері талқылайды.

Ақпарат көзі: vesti.kz

Осы категория бойынша: « Қазақстандық фристайлшылар Трембландағы әлем кубогы кезеңінде қола жүлдегер атанды Астанада 100-ге жуық спортшы қысқы раллиден бақ сынасты »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы