374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алексей Полторанин спринттік сайыста ширек финалға жолдама алды

  • 293
  • UPD: 16:47, 13.02.2018
<span class=favorites>Алексей Полторанин спринттік сайыста ширек финалға жолдама алды</span>

Қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин Пхенчхандағы Олимпиада ойындарында классикалық спринттік сайыста ширек финалға шықты.

Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.

Спринттік кезең қашықтығын қазақстандық шаңғышы 3 минут 14.43 секундта жүріп өтті. Нәтижесінде 13-орынмен ширек финалға шықты.

Ерлер арасындағы спринттік жарысқа 80 спортшы қатысты. Қазақстандық екінші бір спортшы Денис Волотка 3 минут 22,52 секунд нәтижесімен 52-орыннан көрінді. Нәтижесінде ширек финалға шыға алмады.

Айта кетейік, осыған дейін Анна Шевченко ширек финалға шыққан еді. Әйелдер арасындағы 1/4 финалдағы жарыстар Астана уақытымен сағат 17:00-де басталады.

Осы категория бойынша: « Қазақстандық шаңғышы А.Шевченко Олимпиадада ширек финалға өтті Шорт-трекші Н.Жұмағазиев 1000 метрлік жарыстың финалдық кезеңіне шыға алмады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы