384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Футбол: «Астана» қарымта матчқа дайындалып жатыр

  • 392
  • UPD: 18:41, 22.02.2018

Отандық футбол жанкүйерлері асыға күтіп жүрген «Астана» мен «Спортинг» арасындағы матчтың басталуына аз қалды.

Қарымта кездесу ертең Астана уақытымен түнгі 12:00-де өтеді. Қазір қазақстандық клуб Португалия астанасы Лиссабон қаласына барып, соңғы дайындықтарын пысықтап жатыр. Станимир Стойлов баптайтын жігіттер осының алдында Біріккен Араб Әмірліктерінде болып, табиғи газонда жаттықты.

Айта кетейік, осыдан 1 апта бұрын Астанада өткен матч 1:3 есебімен аяқталған болатын. «Енді есе қайтаруға барымызды саламыз», – деді ойыннан кейінгі баспасөз мәслихатында Станимир Стойлов. Ал алаң иелері плей-оффтың келесі кезеңінен өтуге дәмелі.

Станимир Стойлов, «Астана» командасының бас бапкері:

– «Астана» керек болса «Спортингтен» де асып түсе алады. Ол үшін клуб ішіндегі көптеген мәселені шешіп алуымыз керек. Бұл әсіресе қаржыландыруға қатысты. Оны басшылық жақсы біледі. Ал ендің алдағы ойында, әрине, барымызды саламыз. Жақсы ойын көрсетуге тырысамыз. Бірақ тағы қайталап айтқым келеді, клуб ішіндегі мәселелер түбегейлі шешілген жағдайда және жүйелі дамуды қолға алған кезде ғана біз бұдан үлкен биіктерді бағындыра аламыз.

Хабар 24 телеарнасы